+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



Ішсең – шұбат, жесең – ет, мінсең - көлік

  • 21.12.2014

Ата-бабаларымыз түйені қасиетті жануар деп санаған. Өйткені түйе – қазақтың тек пайдасына ғана жараған. «Мінсең – көлік, жесең – ет, ішсең – дәмді сүт» деп түйені төрт түліктің төресіне бағалаған.

Шұбат – түйеден өндірілген сусын, әрі тағам. Бие сүтіне қарағанда түйе сүті өте майлы келеді. Оның емдік қасиеті де бар. Зәруге дәру, науқасқа ем, жанға шипа, шөліркегенге сусын – шұбат пен оның өндірісі жыл сайын жаңғырып, күн сайын көбейе бермек. Дәстүрлі шұбат өндірісімен жақыннан танысу үшін бағдарламамызда түйе шаруашылығы кеңінен көрсетіледі.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

АҚПАРАТ ҚЫЗЫҚТЫ МА? ДОСЫңМЕН БӨЛІС:

Талқылау
Жарияланды: «Атакәсіп»

Loading...

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз