+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



Шерлок Холмс туралы 12 қызықты факт

  • Дүйсенбі, Қаңтар 12 2015

1. 1887 жылы «Этюд в багровых тонах» атты Холмс туралы алғашқы повесті Конан Дойль жазып, дәл сол жылы туынды Beeton's Christmas Annual журналында да жарық көрді. «Шерлока Холмса мұрағаты» атты автордың соңғы жинағы 1927 жылы жарияланды.


2. Конан Доиль Холмс туралы өз кітаптарының ермек үшін жазылмағанын, сондай-ақ тарихи романдардың авторы ретінде даңқы шығатынынына сенімді болған.

3. Конан Доиль қолжазбаларының түпнұсқасы сақталмаған. «Собаки Баскервилей» шығармасынан тек бірнеше ғана беті қалған екен. Бәссаудада олар бірнеше мың долларға сатылады.

4. Алайда Шерлок Холмстың атақты аңшылық кепеші Конан Доильдың ешбір кітабында кездеспейді. Негізінен ол Сидней Пэджет басылымының алғашқы өздігінен жасаған иллюстрациясы еді.

5. Конан Доиль романдарының ешқайсысында Холмс «Элементарно, Ватсон» сөз орамын айтпайды. Ол бірінші дыбыстық көрсетілімде ғана пайда болды.

6. Алғашқы көрсетілімді 1900 жылы American Edison компаниясы жасады. Фильм бар болғаны 1 минуттан да кем уақытты құрайды. Бірақ, сол алғашқы премьерасы осы күнге дейін сақталмаған. Холмс оқиғалары – бүгінгі күнге дейін адамзат тарихындағы ең беделді экранизациялық әдеби шығарма болып саналады. 2009 жылдың желтоқсан айына дейін 213 ресми көрсетілімі тіркелген. Холмс бейнесін 76 түрлі актерлар сомдаған. Мамандар фильм саны баяғыдан-ақ 300-ден астам екенін айтады.

7. Тыңшының нақты мекен-жайы – Лондон, Бейкер-стрит, 2216 үй. Конан Доиль заманында көшелерде мұндай үйлер болмаған, олар тек 100 деген санмен аяқталған. 2216 үйі кейін салынып, онда Холмс мұражайын орналастырады. «Бейкер-стрит, 2216» тіркелмеген мекен-жайға «Шерлок Холмсқа» деп басталатын мыңдаған хаттар қазіргі уақытта да келіп отырады. Жергілікті пошта бөлімшесі хаттарды сол мезетте мұражайға жібереді.

8. 2002 жылы Шерлок Холмс Химиктердің Корольдік қоғамына қабылданды. Ешбір ойдан шығарылған кейіпкер мұндай марапатқа ие болмаған. Конан Доиль Холмс жайында 4 повесть пен 56 әңгімелер жинағын жазды.

9. Конан Доильдың шығармалары жарыққа шыққаннан кейін, дедуктивтік әдісті дүниежүзінің қылмыс полициялары қолдана бастады.

10. Тергеу жұмыстарын дедуктивті әдіспен жүргізетін тұңғыш жасырын агент туралы Эдгар «Убийство на улице Морг» шығармасында жазған.

11. 1964 жылы Холмс туралы кітаптар әлемдік бестселлер тізімінде 2 орында тұрды. Бірінші орынды әрине, Библия иемденетін.

12. Шерлок Хомстың 14 компьютерлік және 2 үстел үстілік ойындары бар.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

АҚПАРАТ ҚЫЗЫҚТЫ МА? ДОСЫңМЕН БӨЛІС:

Талқылау
3031





Пікір қалдырыңыз