+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



Суретші Джон Бизбидің шегеден жасаған ғажап мүсіндері

  • Бейсенбі, Қаңтар 15 2015

Бір күні колледжде оқып жүріп, Джон Бизби өзінің мүсіндеу жұмысына қараусыз қалған үйден қажетті заттар іздеуге кіріседі. Іздеу барысында іші тот басқан шегелерге толы шелекке шалынып қалады. Сол мезетте шегелер шелек тәрізді пішін құраған күйде бір-бірімен жабысып қалады. Бұл Джон үшін көз алдында үлкен жаңалық болды. Міне, содан бері 30 жыл бойы Бизби шегеден түрлі мүсіндер жасап келеді. Ол әр түрлі шегелерді майыстырып, текшелеп, қайнатып, соңынан бір-біріне жалғап, бекітеді. 

 Бүгінде мүсінші Мэн штатына қарасты Брансуиктегі Боуден-колледжінде жұмыс істейді. Өткен жылы Джон Бизбидің Шелберндегі Мұражайда көрмесі өткен болатын.

 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

АҚПАРАТ ҚЫЗЫҚТЫ МА? ДОСЫңМЕН БӨЛІС:

Талқылау
881





Пікір қалдырыңыз