+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



Тау тұлғалы палуан – Балуан Шолақ

  • 27.12.2014

Оның туғанына биыл 150 жыл. Ол жайлы аңыз-әңгіме ұшан-теңіз. Оның өмірбаяны толық зерттелмек тұрмақ, туған жерін әркім әртүрлі айтады. Балуан Шолақтың қазақ тарихындағы ең бір жұмбақтұлғалардың бірі екені даусыз. Осы уақытқа дейін даңқты палуан, дарынды композитордың бір де бір суреті сақталмаған. Суреті былай тұрсын, тірісінде тұтынып, дерек болуға жарайтындай ешқандай белгі қалмаған. Ұрпақтарының айтуынша, палуанның өздері білетін бір ғана суреті болыпты. Алайда ол да қолды болған көрінеді. Ал әлеуметтік желілерде «Балуан Шолақ» атымен қолданылып жүрген картиналар палуанға келіңкіремейді.

19 ғасыр қазақ халқына дарынды дала ақын-композиторларын үйіп-төгіп берді. Сол шоғырлардың өкілі, дала композиторы, дүлей күш иесі, қазақ тарихындағы біртуар палуандардың бірі – Балуан Шолақ.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

АҚПАРАТ ҚЫЗЫҚТЫ МА? ДОСЫңМЕН БӨЛІС:

Талқылау
Жарияланды: «Арнайы жоба»

Loading...

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз