+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



Жүзі басқа – жүрегі бір, тілі басқа – тілегі бір

  • 26.01.2015

Қуғын-сүргін жылдарында Қазақстанға мәжбүрлі түрде қоныс аударған ұлттардың бірі - әзірбайжандар. Өздерін «әзирилер» деп атайтын бұл ұлт қазақ жерін тал бесігіне, ал балалары туған Отанына теңеп, бейбітшілікте өмір кешуде. Бүгінде әзірбайжан халқы Қазақстанның барлық аймағында шоғырланған. Еңбекке әбден төселген әзири халқы қазақ жерінде жер өңдеу, бау-бақшаны баптау, көкөністің түр-түрін өсірумен айналыса бастайды. Әсіресе, қант қызылшасын өсіріп, егістік алқабында тынбай еңбек етеді. Осылайша, қант жасау кәсібін терең меңгеріп, отбасыларын асырап, тұрмыстарын түзейді.

Қолөнердің көрнекті өкілі - әзірбайжандардың тоқыған кілемдері бүгінде әлемге әйгілі. Әзірбайжан халқының мәдениеті мен салт-дәстүрі тағы да несімен ерекшеленеді? Толығырақ бағдарламада таныс болыңыздар!

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

АҚПАРАТ ҚЫЗЫҚТЫ МА? ДОСЫңМЕН БӨЛІС:

Талқылау
Жарияланды: «Нұрлы отау»

Loading...

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз