+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



СЫР СҮЛЕЙІ

  • 27.01.2015

Тұрмағамбет бір ғана эпопеялық жанр емес, толғау, терме поэзиясын да түгелдей жаңартып, өзгеше байытқан ақын. Оның толғаулары қаншама болса да, бір ұйқаспен бітеді. Осы ұйқасты Сыр бойында қолданбаған ақын кем.

Жыраулар Тұрмағамбеттің әрбір толғауына ән - күй ойлап шығарған. Олай болса Сырдың поэзиясы ғана емес, ғажап музыкасын да Тұрмағамбетсіз түсіну қиын.Тұрмағамбетте аздаған айтыс өлеңдері де бар. Сыр бойында Тұрмағамбет стилін бастап қолданған ақын — Қаңлы Жүсіп болған еді. «Турки»деп аталатын бұл стиль Сыр айтыстарында классикалық дәрежеде көрінеді. Тұрмағамбет толғауларын ел іші осы күнге дейін домбырамен айтады. Жастарды жақсы мінезге, халықты қадірлей білуге шақыратын бұл термелердің ғибраты ғажап. «Адамдық іс» деген термесі халық арасында сақталып, айтып жүр. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

АҚПАРАТ ҚЫЗЫҚТЫ МА? ДОСЫңМЕН БӨЛІС:

Талқылау
Жарияланды: «Тағдырластар»

Loading...

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз