+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



Қатты жер сілкінісі қалай болжанады?

  • 27.01.2015

Жер сілкінісі – табиғаттың айтып келмейтін апаттарының бірі. Сейсмикалық қауіпті аймақ саналатын Алматыда алғаш рет 1887 жылы 8-9 балдық жер сілкінісі тіркелген. Араға 2 жыл салып, 1889 жылы зілзала қайта орын алды. Ғылыми зерттеулерге сүйенсек, магнитудасы 7 балдан жоғары төтенше жағдай осы аумақта 80 мен 200 жыл аралығында болады деп күтілуде. Алайда, Сейсмология институның ғалымдары жуырда мұндай жер сілкінісі болмайтынын, және алдын-ала болжау мақсатында біраз жұмыстар атқарылғандығын айтады.

ҚР Сейсмология институтына қарасты сейсмобиология зертханасы арнайы құрылған ботаникалық бақта зілзала сезгіш жануарлар мен жәндіктерді ұстайды. Мамандардың пікірінше, жан-жануарлар негізі жер сілкінісін алдын-ала болжауда аса сезімтал болып келеді. Мұндай тәсіл қалайша жүзеге асады? Оны бағдарлама барысында біле аласыздар.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

АҚПАРАТ ҚЫЗЫҚТЫ МА? ДОСЫңМЕН БӨЛІС:

Талқылау
Жарияланды: «Бүгінгі ғылым»

Loading...

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз