+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



«Ерке сылқым» күйін бірге үйренейік!

  • 29.11.2014

«Ерке сылқым» күйі – күйші Әбдімомын Желдібаевтың ел арасында кең танылған туындысы. Күйдің шығу тарихы жөнінде күйші «Түркістан» газетіне берген сұхбатында былай дейді:

«Бiз де бүгiнгi жастардай жiгiт болғанбыз. Бойдақтық өмiрдi бастан кештiк. Ауылдағы топ қыздардың арасынан жар таңдадық. Бұл күйдiң кейiпкерi өмiрде бар. Қайтейiн, тағдыр бiздi қоспады. Соңғы рет кездескенде мен: «Бәрiбiр менiң саған деген махаббатымды ешкiм де өшiре алмайды», - деп еске алады.

«Парасат» орденінің иегері, күйші-композитор Әбдімомын Желдібаевтың шығармасы өткен ғасырдың 70-ші жылдары дүниеге келсе де, бүгінде маңызын жоғалтқан жоқ. Студияда тарихтан бөлек күйдің қағысы, тартылуы, мінезі ерекше ықыласпен үйретіледі.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

АҚПАРАТ ҚЫЗЫҚТЫ МА? ДОСЫңМЕН БӨЛІС:

Талқылау
Жарияланды: «Үкілі домбыра»

Loading...

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз