+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



Нанотехнологиялар негізінде жасалған отандық өнімдер

  • 28.01.2015

Бүгінде нанотехнология үлкен сұранысқа ие. Заманауи есептеуіш машиналар мен өндірістік технологиялар, тіпті, дәрі-дәрмектерге дейін жаңа әдіспен өндірілуде.

Нанотехнология - бұл адамның көзіне көрінбейтін майда бөлшектерді белгілі бір ретке келтіре отырып, оның ерекшеліктерін алдын-ала белгілеп беру арқылы әлдебір құрылымды қарастыруға қажетті жекелеген атомдарды ыңғайлап орналастыру. Нанометр дегеніміз – бірметрді миллиардқа бөлгендегі ұсақ бөлігі (1 нанометр=10-9 метр). Нанотехнология - осындай кішігірім өлшемдермен айналысатын ғылым.

Қазіргі таңда нанотехнологиялар мен наноматериалдар әлемнің барлық дамыған мемлекеттерінде жетекші орын алады. Ол адамзат қызметінің аса маңызды салалары, атап айтқанда, өнеркәсіп, ақпарат, биотехнологияда қолданылуда. Сондай-ақ, елімізде де нанотехнологияның негізгі идеясы кеңінен таратылып, ғылыми тәжірибелер жасалуда. Мәселен, Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетіндегі нанотехнология зертханасының қызметкерлері көміртек нанотүтікшелерін өсіріп, Күн элементтерін дайындайды. Дайын болған нанотүтікшелерді полимерлер мен металлдарға қосып, жаңа элемент алады. Өзге де ғылыми ашылуылар жайлы толығырақ бағдарлама көрсетілімінен біле аласыздар. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

АҚПАРАТ ҚЫЗЫҚТЫ МА? ДОСЫңМЕН БӨЛІС:

Талқылау
Жарияланды: «Эйнштейн ізімен»

Loading...

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз