+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



«Қазақфильмнің» қара баласы – Болат Қалымбетов

  • 27.01.2015

Қазақ кино әлемінде актерлік пен режиссерлік қызметті қатар алып жүрген мамандар бар. Солардың бірі  –  Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Болат Қалымбетов. Бала кезінен киноға бейім өскен актердің алғашқы фильмі – режиссер Абдулла Қарсақбаевтың «Балалық шаққа саяхат» кинокартинасы. Ол кезде актер небәрі он жастан енді асқан еді. Содан бері Болат Қалымбетов 50-ден астам фильмге түскен.    

Қазақ киносының майталман режиссерлерінен тәлім алған актер өзі де бірқатар кинотуындыларды дүниеге әкелді. Солардың арасындағы шоқтығы биігі – 2003 жылы көрерменге жол тартқан «Сардар» фильмі. Бүгінде Болат Қалымбетов – 50 жыл бойы еліміздің кино саласының өркендеуіне өз үлесін қосып жүрген талант иесі. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

АҚПАРАТ ҚЫЗЫҚТЫ МА? ДОСЫңМЕН БӨЛІС:

Талқылау
Жарияланды: «Астана ONLINE»

Loading...

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз