+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



«Астана» сурет галереясында жаңа мүсін және графика залы ашылды

  • 03.02.2015

Аталған залда еліміздің кәсіби графиктері мен мүсіншілерінің еңбектері, сондай-ақ галерея қорында сақталып келген жұмыстар қойылады. Қала тұрғындары мен қонақтары М. Қисамединов, И. Исабаев, Х. Абаев және басқа да суретшілердің картиналарын, сонымен қатар, Х. Наурызбаев, Е. Сергебаев сынды шеберлердің мүсіндерін тамашалай алады.

Залдың ашылу салтанатында Қазақстан суретшілерінің графикалық еңбектері, линогравюра сериялары, литография жұмыстары көпшілік назарына ұсынылды.

Астана сурет галереясы өткен жылдың көктемінде бой көтерген болатын. Болашақта қазақ бейнелеу өнерінің өткенін зерттейтін орталыққа айналдыру жоспарланып отыр.

Студия қонағы – Ұлттық көркемсурет галереясы ғылыми-шығармашылық зертханасының жетекшісі Жазира Жекібаева.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

АҚПАРАТ ҚЫЗЫҚТЫ МА? ДОСЫңМЕН БӨЛІС:

Талқылау
Жарияланды: «Астана ONLINE»

Loading...

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз