+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



Мұхиттың «Ақиіс» әні кімге арналған?

  • 05.02.2015

Мұхит Мералыұлының көпшілік әндері арнау ретінде дүниеге келген. «Ақиіс» әні де солардың қатарында.

Мұхиттың ауылындағы дәурені жүріп тұрған Мұхтар байдың Қырмызы деген бәйбішесі болады. Ауыл-аймаққа жомарттығымен, кеңпейілділігімен қадірлі болған ол тұрмысы нашар отбасыларына қарайласып тұрған деседі. Бір күні Мұхтар бай екінші әйел алады. Әрине, күннен-күнге Мұхтар байдың назары жас әйеліне қарай ауа береді. Бұл бәйбішесінің мазасын алып, дегбірін қашырады. Міне, осы кезде жоқтықты басынан кешіп отырған Мұхиттың үй ішіне Қырмызы бәйбіше аздаған азық жәрдемін тыйып тастайды. Жас та болса, екінші әйелі Иіс шамасы келгенше әншінің қадірін біліп, қол ұшын беріп тұрыпты.

Кәсіби ұстаз, әнші Айгүл Қосанова шәкірттерге Мұхиттың жас тоқал Иіске арнаған «Ақиіс» әнін үйретеді. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

АҚПАРАТ ҚЫЗЫҚТЫ МА? ДОСЫңМЕН БӨЛІС:

Талқылау
Жарияланды: «Үкілі домбыра»

Loading...

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз