+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



Ғажайып Венеция карнавалы

  • Бейсенбі, Ақпан 12 2015

Италияның Венеция қаласында дәстүрлі карнавал басталды. Ол әдеттегідей жүз мертлік Сан-Марко шіркеу  мұнарасынан «періштені» түсіру дәстүрінен басталды. Қаланың орталық алаңына ортағасырлық карнавалдық костюм мен маска киген 1000-нан астам  қала тұрғындары жиналды. Биылғы карнавалдың ұраны - «Әлемдегі ең тәтті мейрам». Карнавалдың қонақтарын әртүрлі көрмелер мен музыкалық бағдарламалар, театрландырылған көріністер күтіп тұр.

Ғажайып маскалар мен костюмдер киген адамдарды тек Венецияда ғана емес, сонымен қатар Италияның басқа да ірі қалаларының көшелерінде кездестіруге болады.

Бас мейрамның қарсаңында судағы мереке және перфомансқа арналған басқа да ұсақ сауық кештері болады.

Мимдердің және комедия, трагедия, ертегі кейіпкерлерінің көшелерде жүруіне таңқалмайтын боласыздар. Бір-біріне ұқсайтын костюмдер кездестірмейсіз, карнавалдың әрбір қатысушысы өзінше ерекше стильде киінген.

 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

АҚПАРАТ ҚЫЗЫҚТЫ МА? ДОСЫңМЕН БӨЛІС:

Талқылау
2560





Пікір қалдырыңыз