+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



Елордада Айжан Әбдубаиттың «Тарихтың алтын кестесі» атты көрмесі өтті

  • 11.02.2015

Ертеден келе жатқан ұлттық киімдерді қайта жаңғыртып, халыққа таныстыру – жақсы үрдіс. Осы бастаманы қолға алған Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі Айжан Әбдубаит ҚР Тұңғыш Президентінің Музейінде «Тарихтың алтын кестесі» атты жеке көрмесін өткізді. Қазақ халқының ұлттық киімдері мен тұрмыстық заттары көне «зерлеу» үлгісімен бедерленген.

Зерлеу – алтынмен тігу ғана емес, бұл өнердің тереңдігін, бүгінгі жеткен құндылығын айғақтайды. Автордың айтуынша, кестелеп тоқудың тамыры тереңде жатыр. Мұндай көркем әдіспен бақуатты адамдардың салтанатты киімдерін, бас киімдерін, тұрмыстық заттарын әшекейлеген. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

АҚПАРАТ ҚЫЗЫҚТЫ МА? ДОСЫңМЕН БӨЛІС:

Талқылау
Жарияланды: «Астана ONLINE»

Loading...

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз