+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



Румынияда ғажайып кітап дүкені ашылды

  • Сейсенбі, Ақпан 17 2015

Румынияның Бухарест қаласында сәулеті келіскен, заманауи талаптарға сай бой көтерген «Cărtureşti Carusel» атты кітап дүкені өз тұтынушыларына қызмет көрсетуде. Қаланың адамдар көп шоғырланған көшелерінің бірінде орналасқан сымбатты кітап дүкені өзінің көз тартарлық әсем келбетімен, асқан тартымдылығымен жергілікті сәулет туындыларымен қатар иық тіресіп тұр. 

6 қабатты дүкенде 10 мыңға жуық кітап, 5 мыңдай музыкалық альбом мен DVD-дискілерді кездестіруге болады. Соңғы қабатында тамақтануға арналған кішігірім бар, ал жертөлесінде мультимедиалық орталық орналасса, бірінші қабатында түрлі мәдени іс-шаралар мен концерттік бағдарламалар өткізілетін заманауи өнер галереясын тамашалай аласыздар. 

 

 

 

www.vicer.ru

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

АҚПАРАТ ҚЫЗЫҚТЫ МА? ДОСЫңМЕН БӨЛІС:

Талқылау
1263





Пікір қалдырыңыз