+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



Қазақстанда «World skills» жастар жобасы өткізіледі

  • 05.03.2015

World skills – жас мамандардың кәсіби біліктілігін арттыруға негізделген халықаралық жоба. Ол 1946 жылдан бері әлемнің 72 мемлекетінде өткізіліп келеді. Дүниежүзі елдері мойындаған аталмыш бірлескен жобаны «Кәсіпқор» Холдинг» АҚ Басқармасы биылғы жылдан бастап Қазақстанда өткізуді жоспарлап отыр. Ұйымдастырушылардың айтуынша, қоғамға ең қажетті маман иелерінің біліктілігін арттыру осы жоба шеңберінде жоспарланған.

«World skills» жобасы 18-22 жас аралығындағы жастарды қамтып, еліміздің әр аймағында жүргізіліп келеді. Ал қатысушыларды «Кәсіпқор» Холдинг» АҚ Басқармасы іріктеуден өткізіп, алдын-ала дайындайды. Бүгінде облыстардағы жарыстар аяқталып, қорытындысы Астана қаласында өз шешімін таппақ. Қазақстан кәсіптік-техникалық мамандықтың деңгейін арттыру ісінде бұл жобаға тұңғыш рет қатысып отыр.  

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

АҚПАРАТ ҚЫЗЫҚТЫ МА? ДОСЫңМЕН БӨЛІС:

Талқылау
Жарияланды: «Астана ONLINE»

Loading...

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз