+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



Қамал Қармысов туралы үзік сыр...

  • 07.03.2015

1926 жылы құрылған Қазақ кәсіби театрының репертуары да, құрамы да толығып тұруы заңдылық еді. 1931-32 жж. театрға тағы бір топ өнерлі жастар келеді. Ж. Елебеков, Ә. Хасенов, Қ. Лекеров, Р. Есімжанова, С. Телғараев, Г. Сыздықова сынды өртістер театрдың құлашын кең сермеуге үлес қосқан өнер иелері болды. Осы топтың ішінде Қамал Қармысов та бар еді.

Сыншы Қ. Қуандықов: «Қ. Қармысов - режиссер қиялындағы әлі көмескі образды көп толғап жатпай-ақ, аса бір сезгіштікпен бір-екі ғана штрих арқылы бейнелей білген. Кейіпкердің ішкі дүниесіне лайық сырт кескінін табуға тырысатын жүйрік актер еді», - деп баға берген.

Бағдарламада ұлттық кәсіби театрға келген өнерпаздардың екінші толқынына жататын әйгілі актер – Қазақстанның халық әртісі Қамал Қармысовтың сахна және кинодағы сомдаған рөлдері, өмірлік жолы кеңінен әңгімеленеді.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

АҚПАРАТ ҚЫЗЫҚТЫ МА? ДОСЫңМЕН БӨЛІС:

Талқылау
Жарияланды: «Өмір. Театр. Кино»

Loading...

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз