+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



Ә. Сығайдың «Қаллеки театры» атты жинағы жарық көрді

  • 10.03.2015

Театрға арналған шығармалар тізімі тағы бір еңбекпен толықты. Театр сыншысы, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Әшірбек Сығайдың бастамасымен жазылған «Қаллеки театры» атты жинақта Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының ашылған кезінен бастап, бүгінге дейінгі тынысы мен тарихы баяндалған. Ал «Әдепкі лебіз» атты соңғы бөлімде шәкірттерінің тырнақалды ғылыми мақалалары басылды. Жинаққа автор шәкірттерінің қызықты суреттерін де қосқан.

Ә. Сығайдың шәкірттерімен бірігіп жазған соңғы кітабы туралы студия қонағы әрі авторларының бірі - Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры баспасөз орталығының жетекшісі Әсем Намазбекова толығырақ айтып бермек. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

АҚПАРАТ ҚЫЗЫҚТЫ МА? ДОСЫңМЕН БӨЛІС:

Талқылау
Жарияланды: «Астана ONLINE»

Loading...

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз