+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



Ауылшаруашылық мамандықтары сұранысқа ие ме?

  • 26.02.2015

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы Жолдауында индустрияландыру бағдарламалары шеңберінде ғылымның экономика салаларымен және мамандар дайындаумен байланысын қамтамасыз ететін 10 ЖОО анықталған болатын. Солардың бірі – С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті. Білім ордасы бүгінгі таңда бірқатар ғылыми-тәжірибелік зерттеу жұмыстарын кешенді түрде жүргізіп келеді. Университет қабырғасында білім алып отырған 700-ге жуық магистранттар мен 50-ге тарта докторанттар ауылшаруашылығы мамандықтары бойынша шетелдің 65 ЖОО-ында біліктіліктерін арттыруда. Бүгінде оқу ордасында магистратура және докторантура бойынша білім беру ісі қаншалықты жолға қойылған? Ауылшаруашылық саласының қандай мамандықтары сұранысқа ие?

Университет тынысы жайында және аталған сұрақтарға студия қонағы – С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ЖОО кейінгі білім бері бөлімінің басшысы Роза Қунапьянова жауап бермек.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

АҚПАРАТ ҚЫЗЫҚТЫ МА? ДОСЫңМЕН БӨЛІС:

Талқылау
Жарияланды: «Астана ONLINE»

Loading...

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз