+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



Астанада «Bookdating» жобасы бастау алды

  • 12.03.2015

«Қазақстан 2050» Жалпыұлттық қозғалысының бастамасымен Астанада тағы бір жоба дүниеге келді. «Bookdating» деп аталатын шараның аясында елордалық кітап сүйер қауым өзінің жақсы көретін шығармаларымен бөлісіп, кітап ауыстыру мүмкіндігіне ие болады. Жобаның негізгі мақсаты - заманауи техника мен ғаламтор үстемдік құрған бүгінгі қоғамда кітап оқу мәдениетін жаңғыртып, жандандыру.

«Bookdating» –әлемде кеңінен таралған шара. Сондықтан жобаның еліміздегі тұсаукесеріне белгілі тұлғалар да қатысты. Кешті идея авторы, актер Әнуар Нұрпейісов жүргізіп, қонақтарды жаңа жобаның қыр-сырымен таныстырды. Сондай-ақ, саясаттанушы Ерлан Қарин де өзінің сүйікті шығармаларымен бөлісіп, жастарға кеңес берді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл – тек алғашқы қадам ғана. Болашақта жоба ілгері жылжып, жан-жақты дамитын болады. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

АҚПАРАТ ҚЫЗЫҚТЫ МА? ДОСЫңМЕН БӨЛІС:

Талқылау
Жарияланды: «Астана ONLINE»

Loading...

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз