+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



Табысты қызметке қол жеткізу үшін жұмысты қай қаладан бастаған жөн?

  • Бейсенбі, Наурыз 10 2016

Бәлкім, осыдан бірнеше жыл бұрын жұмысқа орналасу көп қиындық тудырмаған болар. Бұрынғы кездері жоғары оқу орнын тәмамдаған түлектер әр есіктің табалдырығын тоздырса да, алғашқы жұмысын өз күшімен тауып, аздаған жалақыны азсынбай, еңбектенуден аяқ тартпайтын. Ал бүгінгі таңда тұрмыстың талабы басқа. Үміткер физикалық жылдамдық, ой жүйріктігімен қатар, бәсекеге қабілетті болу шарт. Тіпті, кейбірі нәпақасын табу үшін өмірін түбегейлі өзгертуге мәжбүр болып та жатады. Дегенмен, «талаптыға нұр жауар» демекші, кәсіби тұрғыдан шыңдалып, қызметінің жоғарылауын мақсат еткендерге әрдайым жол ашық. WalletHub интернет-порталы жуырда оқу орнының түлектеріне уақыт, жалақы мөлшерлерін негізге ала отырып, табысты қызметке жету мақсатында жұмыс бастауға ыңғайлы АҚШ-тың ең үздік және ең нашар қалаларының тізімін ұсынды..

 

 

Вашингтон

Нью-Йорк арман қала болғанына қарамастан, Вашингтон бірінші орында тұрғандығы таңғаларлық жайт емес. Мұнда өзге қалалармен салыстырғанда отбасын құрмаған ересек адамдар саны жеткілікті, сонымен қатар, алғашқы жалақы мөлшері де көңілге қонымды.

 

Денвер, Колорадо

Тұрғындарының 2,4 млн-ға жуығы кәсіби бизнес-секторда жұмыс істейтін қаланы ең ірі жұмыспен қамтамасыз етушілер қатарына қосуға болады. Сондай-ақ, табиғаты құзды таумен көмкерілген қалада әртүрлі көңіл көтеруге арналған қызметтер көрсетіледі.

 

Ирвинг, Техас

Ковбойлардан құралған футбол командасының үйі. Даллас қаласының кішігірім бөлігіне айналған қалашық Техастың үлкен экономикалық күшіне айналды.

 

 

Сиэтл, Вашингтон

«Starbucks» кофесының отаны болып табылатын Сиетл қаласында Amazon, Nordstrom және International Washington компанияларының штаб-пәтерлері орналасқан. Сондай-ақ, Boeing, Microsoft, Costco корпорациялары да бірқатар іс-шараларын өткізеді.

 

 

Миннеаполис, Миннесота

Миннеаполис қаласының ауа райы өте суық болса да, экономикалық белсенділігі жоғары болып қала бермек. Бұл қала Орталық батыстағы экономикалық деңгейі жағынан 2-орынды иеленеді. Миннеаполисте Майо клиникасы мен Миннесота университеті қолдау көрсететін  медициналық зерттеу орталықтары орналасқан.

 

Акрон, Огайо штаты

Резіңкенің тарихи астанасында кезінде Goodrich, Goodyear, Firestone және General Tire штаб-пәтерлері орналасқан болатын.

Акрон өндірістің екі бағыты бойынша: полимерлерді зерттеу және метамарфиннің заңсыз зертханаларын жетілдіруде.

 

Сан - Бернардино, Калифорния

Кезінде Сан – Бернардино борышқорлықтан құтқаруға зәру қалалардың тізімінде 2-орында (1-орында Стоктон, Калифорния штаты) тұрған болатын. Қазір аталмыш қала АҚШ-тың ең кедей қалаларының қатарында.

 

Стоктон, Калифорния

Бірнеше жыл бұрын АҚШ-тың ірі қалаларының бірі болған Стоктон 2008 жылғы тұрғын үй дағдарысынан соң қатты күйреп, қалада қылмыс өршіп кетеді. Коннектикут штатындағы орталық университеттің жуырдағы зерттеулері бойынша сауаттылығы төмен қалалардың қатарында: мұнда орта жастағы азаматтардың 17 пайызы ғана жоғары білімді.

 

Модесто, Калифорния

Джордж  Лукас өзінің «Америкалық граффити» туындысында 1960 жылдары қаланың бос көшелерінде сенделіп жүрген жеткіншектердің суретін салған болатын. Сол уақыттан бері көп нәрсе өзгере қойған жоқ. Экономикалық деңгейін көтеру мақсатында шаруашылық пен азық-түлік өнімдерін өндіру қолға алынды.

 

Порт-Сент-Люси, Флорида

1950 жылға дейін Порт-Сент-Люси адам аяғы баспайтын жердің бос бөлігі болатын. Уақыт өте келе, қаражат тұрғын үй құрылысына бөлінді, бірақ экономикаға серпін беру ісі қарастырылмады. Қазір жағдай түзеліп келеді.

 

www.cnbc.com

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

АҚПАРАТ ҚЫЗЫҚТЫ МА? ДОСЫңМЕН БӨЛІС:

Талқылау
1727





Пікір қалдырыңыз