+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



ҚР Тұңғыш Президенті мұражайының жаңа экспозициялық залдары ашылды

  • 18.03.2015

Президенттің жұмыс кабинеті, барлық ресми рәсімдер залдары, жаңадан ашылған «Камин», «Қысқы бақ», «Демалыс бөлмесі» келушілерді қызықтырмай қоймасы анық. Әдетте Мемлекет басшысы кездесулер мен қабылдаулардан соң, шағын ортадағы келіссөздерді осы камин залында жүргізген. Оюлы жиҺаз, мәрмәр үстелдер, жібек перделер және мәрмәрмен жақталған каминмен жабдықталған залда қысқы бақ та бар. Ал демалыс бөлмесінде Елбасы қысқа үзілісте өз меймандарын шахмат ойнауға, домбыраның баяу сазын тыңдап, әңгімелесуге шақырған. Музейдегі әр жылдың тарихы мен мән-мағынасы, жаңа залдардың ерекшелігі туралы толығырақ студия қонағы - ҚР Тұңғыш Президенті Музейінің аға сарапшысы Жадыра Әубәкірова айтып бермек. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

АҚПАРАТ ҚЫЗЫҚТЫ МА? ДОСЫңМЕН БӨЛІС:

Талқылау
Жарияланды: «Астана ONLINE»

Loading...

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз