+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



Жасан Зекейұлы: Тамыр ұстау арқылы адам дертін анықтауға болады

  • 17.03.2015

Еліміздің денсаулық сақтау мамандары, дені сау ұлттың болашағын қалыптастыру жолында көптеген еңбек сіңіруде. Сол білікті мамандардың қатарында медицина ғылымдарының докторы, халықаралық инемен емдеу академиясының академигі Жасан Зекейұлы да бар.

1995 жылы тибет медицинасындағы ерекше еңбегі үшін ҚХР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен «Жоғары білікті аға зерттеуші-дәрігер» атағы беріледі. Жүз қытайды емдегенше, бір қазаққа ем қондырайын деп, қазақ жеріне табан тіреген дәрігер, Шығыс-тибет медицинасының негізін қалап, «Жас-Ай» орталығын құрды. Аты әлемге танылған Жасан Зекейұлы, салауатты өмір салтын сақтап, халық арасындағы науқастар сұранысын өтеуге тырысып келеді.

Шығыс-тибет медицинасының көмегімен осы күнге дейін 50 мыңға жуық науқас қабылданып, оның 10 мыңнан астамына тегін шипа көрсетілген екен. Мұндай ем денедегі дертті алтын инемен аластап, дәрілік шөптер арқылы ағзаны қуаттандырады. Қытайдың құпияға толы емшілік дәстүрін қазақ еліне жеткізіп, тибет емі мен қазақ халқының емін ұштастыра білген дәрігердің алдынан мыңдаған адам осылай ем қабылдады.

Студия қонағы – «Жас-Ай» шығыс-тибет медицинасының директоры Жасан Зекейұлы.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

АҚПАРАТ ҚЫЗЫҚТЫ МА? ДОСЫңМЕН БӨЛІС:

Талқылау
Жарияланды: «Астана ONLINE»

Loading...

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз