+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



ҚР Ұлттық мұражайына айтулы тұлғалардың мұралары тапсырылды

  • 19.03.2015

ҚР Ұлттық Музейі ұлттық құндылықтарды, көне жәдігерлерді жинақтап, алтын қорды дамытуға күш салуда. Осы ретте мұражай ұжымы «Ұлттық музейге сый тарту» акциясын бастады. Қазақтың атын әлемге танытқан ақындар, олимпиада жеңімпаздары мен белгілі азаматтардың жеке қоры музейге сый тарту ретінде ұсынылды. 

Ұлы тұлғаларымыздың тұтынған заттарын ұрпақтары музейге тапсыруда. Мәселен, әйгілі ақын Кенен Әзірбаевтың ұлы Бақытжан Әзірбаев әкесінің 18 жасында қатысқан айтыстағы Жамбыл ақын таққан кемел белдік пен қоңыр домбырасын, Алматыда ашылған ескерткішінің макетін тапсырды.

Ал ақын Қадыр Мырза Әлінің көзілдірігі мен қолсағаты, жазбалары мен қойын дәптері  өткен күннен белгі береді.

Студия қонағы – ҚР еңбек сіңірген қайраткері, әнші, композитор «Қадыр Мырза Әлі» қоғамдық қорының директоры Данәділ Қажымұлы толығырақ әңгімелеп бермек.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

АҚПАРАТ ҚЫЗЫҚТЫ МА? ДОСЫңМЕН БӨЛІС:

Талқылау
Жарияланды: «Астана ONLINE»

Loading...

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз