+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



Наурыз мейрамын тойлау мәдениеті

  • 22.03.2015

«Мейрам» атауы негізінде қасиетті, қастерлі деген сөзбен тікелей байланысты. Мерекеге қатысып, ат салысқан адамдар әр түрлі жолмен сол қасиеттің бір бөлшегін өздерімен бірге ала кетеді. Көшпенділердің ең ұлық мерекесі – Наурыз болған.

Бүгінде жыл сайын елімізде Ұлыстың Ұлы күні ұлттық мереке ретінде аталып өтіледі. Бұл күні ұлттық тағам – наурыз көже пісіріліп, қазақтың ақ дастарқаны түрлі ұлттық мәзірлерге толтырылады. Ағайын-бауырлар, жақын туыстар бір-бірімен көрісіп, мерекемен құттықтап жатады. Көкпар тартысып, ән айтып, би билеген халық бір-біріне жаңа жылдық тілектерін айтады. Наурыз мерекесі – ел мәдениетінің ажырамас бір бөлігі.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

АҚПАРАТ ҚЫЗЫҚТЫ МА? ДОСЫңМЕН БӨЛІС:

Талқылау

Loading...

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз