+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



Елордада «Мыңжылдықтар сәулесі» атты көрме өтті

  • 24.03.2015

ҚР Тұңғыш Президентінің Музейінде Түркістанның «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы ұйымдастырған «Мыңжылдықтар сәулесі» атты көрме өтті. Мұражай қызметкерлері 2000 жылдықты қамтитын құнды тарихи экспонаттардың 60-қа жуық түпнұсқаларын жұртшылық назарына ұсынды.

Көрмеге қойылған заттардың  дені ежелден қазақтар пайдаланған шамдар. Соның ішінде 1397 жылы Әмір Темір Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне сыйға тартқан шырағданды кездестіруге болады. Б.з.д ІІ мың жылдық пен кейінгісі ХІХ  ғасырға жататын аталмыш шырағдандар көне Түркістанның тарихи қойнауынан сыр шертеді.

Көрменің мақсаты мен мәнін студияға арнайы келген қонағымыз - «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайының ғылыми қызметкері Рахия Жүзбаева толығымен әңгімелеп бермек.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

АҚПАРАТ ҚЫЗЫҚТЫ МА? ДОСЫңМЕН БӨЛІС:

Талқылау
Жарияланды: «Астана ONLINE»

Loading...

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз