+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



Астанада XXXVI Республикалық орындаушылар конкурсы өтуде

  • 27.03.2015

Қазақ Ұлттық өнер университеті ұйымдастырған байқауда еліміздегі техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында оқитын жастардың өнері сынға түспек.

150-ге жуық қатысушылардың ішінен үздік орындаушылар таңдалып, жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталады. Сонымен қатар, жүлдегерлерге берілетін  ҚР МСМ-нің арнайы дипломы өнер университетіне оқуға түсуді жеңілдетпек.

Еліміздің әр аймағынан жиналған жас өрендердің ішінде Шымкент қаласынан келген Әділжан Әміржан да бар. Оңтүстік Қазақстан Саз колледжінің студенті дәстүрлі ән аталымы бойынша бақ сынамақ.

3 күнге созылатын байқау жеңімпаздарының есімі 30-шы наурызда анықталмақ. 

Студия қонағы – Қазақ Ұлттық өнер университеті Музыка колледжінің директоры Тельман Нұркенов. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

АҚПАРАТ ҚЫЗЫҚТЫ МА? ДОСЫңМЕН БӨЛІС:

Талқылау
Жарияланды: «Астана ONLINE»

Loading...

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз