+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



Халықаралық Наурыз мерекесі

  • 20.03.2015

Наурыз – күн мен түннің теңесіп, табиғаттың жаңаруымен тұспа-тұс келетін көктем мерекесі. Шығыс халықтарында жылдың басы болып есептеледі. Қазақ жеріне бұл мейрамның қашан келгені жөнінде нақты ақпарат жоқ. Алайда мәдениеттанушылар наурыздың алғашқы белгісі ретінде тасқа қашалған таңбаларды алға тартады.

Тарихы тереңге жайылған мереке бүгінде халықаралық маңызға ие. Албания, Ауғанстан, Әзірбайжан, Иран, Пәкістан, Тәжікстан, Түркия мемлекеттерінде салтанатты түрде өткізіледі. 2010 жылдың 10 мамырынан бастап БҰҰ Бас Ассамблеясының шешіміне сәйкес 21 наурыз «Халықаралық Наурыз күні» болып есептеледі.  Ал UNESCO Наурыз мейрамын адамзаттың мәдени мұра тізіміне тіркеген болатын. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

АҚПАРАТ ҚЫЗЫҚТЫ МА? ДОСЫңМЕН БӨЛІС:

Талқылау
Жарияланды: «Астана ONLINE»

Loading...

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз