+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



Ұлы Жеңіске 70 жыл: Ерлік пен өрлікті жырлаған қаламгерлер

  • 25.03.2015

Соғыстың сұрапыл жылдары қазақ әдебиетіне әсер етпей қоймады. Кескілескен ұрыс та, қан майдан да әдебиеттің дамуына тосқауыл болған жоқ. Керісінше, рухқа толы шығармалар дүниеге келді.  Еңсесі түскен ел мен қажыған жауынгерді жазушылар жігерлі шығармаларымен, жалынды жырларымен демеді.

Әсіресе, қан майданның ортасында дүниеге келген шығармалар қазақ әдебиетінің өркендеуіне үлес қосты. Жұмағали Саин, Сырбай Мәуленов, Қасым Аманжолов, Қасым Қайсенов, Әбдіжәміл Нұрпейісов, Бауыржан Момышұлы және басқа да батыл қаламгерлер соғыстың  шынайы көрінісін суреттеді. Отан мен ұрпақ үшін қолына қалам алған қаламгерлер өздері өмір сүрген кезеңмен тұспа-тұс келген соғыстың тарихын жазды.

Соғысжылдарындағы қаламгерлер мұрасы жайында филология ғылымдарының кандидаты Мұратбек Тоқтағазин әңгімелеп бермек. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

АҚПАРАТ ҚЫЗЫҚТЫ МА? ДОСЫңМЕН БӨЛІС:

Талқылау
Жарияланды: «Астана ONLINE»

Loading...

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз