+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



ҚҰМАН СЫЙЛАҒАН ГҮЛ ӘЛІ САҚТАУЛЫ

  • 24.02.2015

—    Кинода ғашықтар ролін әдемі бейнеледіңіздер, тіпті көзқарастарыңыз да шынайы шықты. Сонда Құман аға екеуіңіз бір-біріңізге бір көргеннен ғашық болдыңыздар ма?

Меруерт Өтекешова:

—    Жоқ. Ғашықтар ролін ойнауға тиіс болғандықтан, екеуміз де образға кірдік. Әрі кинодағы қатар түскен бірінші көрініс құда түсу эпизодынан басталды, ал бұл жерде сүйіспеншілік сезімін көрсетпеу мүмкін емес еді… Кино түсірілімі бір жылға созылды. Түсіру алаңында күнде кездесетінбіз. Менің ол кездегі ойым тек киноға дұрыстап түсу болды. Қос ғашықтың сезімі бірінші бөлімнің аяғындағы отаудың ішінде сөйлесетін жерде анық көрінді. Комиссия менің шеберлігіме күдікпен қарады. Кейін тәуір шыққанына қуандым. Мүмкін, сезім сол жерден басталған шығар. Оны айту қиын… Айтпақшы, түсіру жұмыстары қыста павильонда, жазғытұрым далада болды. Бірде көктемде, үзілісте Құман маған дала гүлдерін теріп әкеп, сыйлады. Бір қызығы, сол гүлдердің кепкен түрі үйде әлі сақтаулы. Гербарий дейміз ғой, әлі бар. Гүлді сыйлағанда ағаң жиырма үште, мен он сегізде болатынмын.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

АҚПАРАТ ҚЫЗЫҚТЫ МА? ДОСЫңМЕН БӨЛІС:

Талқылау
Жарияланды: «Тағдырластар»

Loading...

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз