+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



Қазақ хандығының 550 жылдығы білім ордаларында аталып өтілуде

  • 13.04.2015

С. Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-де Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Абылайдың үш арманы» атты шара өтті.

Университет студенттері Қазақ хандығының құрылу тарихын сахна тілінде сөйлетті. «Абылайдың арманы» қойылымының негізі – отаншылдық рух, ұлттық құндылық, бүгінгі жастардың тарих таразысын өлшеуінде жатыр. 

Онкүндік барысында, сондай-ақ, «Тарих лабиринті» атты интеллектуалдық сайыс, тарихи шаралар легін қамтыған эссе байқау, «Мен Қазақпын» атты тарихи жырларды мәнерлеп оқу жарысы да назардан тыс қалмады. Осының негізінде жеңімпаздар марапатталды.

Студия қонағы – С. Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-нің Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі Өмірбай Бекмағанбетов. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

АҚПАРАТ ҚЫЗЫҚТЫ МА? ДОСЫңМЕН БӨЛІС:

Талқылау
Жарияланды: «Астана ONLINE»

Loading...

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз