+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



Еуропаның төрінде қалықтаған қобыздың қоңыр үні

  • Сәрсенбі, Сәуір 22 2015

Қазақтың қазыналы өнері ЮНЕСКО-ның 70 жылдық мерейтойының аясында Париж халқының ықыласына бөленді. Қазақ ұлттық өнер университетінің симфониялық оркестрі Қорқыттың белгілі туындыларын ұсынды. Мерекелік шараны Халықаралық Түркі академиясы, Қазақстан, Әзірбайжан, Түркіменстан және Түркия елдерінің өкілдері ұйымдастырған болатын.
Сайын даланың сырын шертетін төкпе куйлер мен қобыздың қоңыр үні Еуропа тыңдармандарын тың саз әлеміне жетеледі. Бусатты, қиялдатты, арманға жетеледі.

 

 

Сондай-ақ, Қазақстанның халық әртісі Айман Мұсақожаева да өз өнерін паш етті. Кеш соңында келушілерге қазақтың ұлттық тағамдары ұсынылып, түркі тілдес халықтардың мәдениеті мен дәстүрлері таныстырылды.

 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

АҚПАРАТ ҚЫЗЫҚТЫ МА? ДОСЫңМЕН БӨЛІС:

Талқылау
2219





Пікір қалдырыңыз