+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



Уақыт легіне ілескен Қазақстанның 7 сәулетшісі

  • Дүйсенбі, Сәуір 27 2015

Тәуелсіздік алғалы бері Қазақ елінің сәулет өнеріндегі келбеті түрленіп, жаңаша сипатқа ие болды. Алатау бауырайынан ел астанасын Арқа төсіне көшіру әрекеті жаңа жобаларды қағаз жүзінде қалдырмай, іске асырудың керемет мүмкіндік тудырды. Сол арқылы Қазақ сәулетінің қолтаңбасы әлемдік архитектурада қалды. Астананың ажарына әр, сәулетіне сән берген көрікті ғимараттар кәсіпқой отандық мамандардың қолынан шықты. Жаңаша түлеу, күннің шапағы секілді сәулесін өзге өңірлерге де түсіріп, облыстардағы да сәулет өнері дамыды. Сонысымен, қазақстандық сәулетшілердің әлемдік маштабта абыройы асқақтады. Осы салада халықаралық дәрежедегі байқауларда алған марапат, алғыс хат сөзімізге айғақ болады. «Vласть» сараптамалық интернет журналының қорытындысы бойынша, ең үздік 7 сәулетшінің өнер туындыларын өздеріңізге ұсынамыз. 

 

Шоқан Матайбеков

2005-2007 жылдар аралығында Астана қаласының бас сәулетшісі қызметін атқарды. «Тілеп қобыз сарайы»,«Солтүстік шұғыла», «Сулы жасыл – желек жол» тұрғын үй кешені, Министріліктер үйі, Эталон орталығы т.б көрікті ғимараттар осы білікті маманның бастамасымен бой көтерді. Сәулетшінің қолынан өткен әрбір жоба, әрбір сызба өнердің өрнегіне айналып шыға келді. Шоқан Матайбеков Қазақстанда ғана емес, есімі шетелде де танымал сәулетші.

 

Сағындық Жанболатов

Астана қаласының бас дизайнері қызметін бес жыл атқарған Сағындық Жанболатовта қаланың сәулет өнеріне сүбелі үлесін қосты. Туындыларының ішіндегі ең қомақтылары Қазақ Ұлттық өнер университеті мен «Хазрет Сұлтан» мешіті. Өнер университеті сыртынан қараған адамға роял пішіндес салынғаны көзге бірден түседі.Қала орталығындағы көрікті мешітте мұсылмандық айшықтар мен қазақ ой-өрнектері келісімді қиыстырылған. Ғимараттың жалпы аумағы 17 мың шаршы метр.

 

Төлеген Әбділда 

Осы сәулетшінің басты жұмыстарының бірі Астанада салынған цирк ғимараты. Беймәлім ұшу нысаны пішіндес ғимарат қала тұрғындары мен шетелден келген қонақтарды таңғалдырумен келеді. 2000 мың орынға есептелген ғимарат қаланың ажарын ерекше әрлей түсті. Үкімет үйі Төлегеннің Астанадағы ең ірі жұмысы болса, «Метро» сауда орталығы Алматыдағы басты нысандарының біріне айналды.

 

Сұлтан Баймағамбетов

Алматы қаласының бас сәулетшісі, Алматы қалалық сәулет департаментінің басшысы қызметін қатар атқарып, осы қызметте 16 жыл тер төккен Сұлтанның да еңбегі зор. Алматы қаласының 2020-2030 жылдарға арналған сәулеттік және қала құрылысы жоспарын жасап шықты. ҚР Президентінің резиденциясын, орталық мешіт, әуежай, «Нұрлы Тау» тұрғын үй кешені, Жыр алыбы - Жамбыл, адуынды Абылай ескерткіштерін дүниеге әкелді. 

 

Серік Рүстамбеков

Сәулет өнеріне Серіктің қосқан үлестері де ұшан-теңіз. Астанадағы жаңа алаң, Есіл жағалауы, «Аквопарк», «Самал» тұрғын үй кешені, «Европа-Палас»мейрамханасы және тағы басқа ғимараттар Рүстамбековтың еңбектері. Одан өзге Алматы, Павлодар, Астана, Семей, Көкшетау, Красноводск және Абакандағы көптеген сауда орындары Серіктің сызбаларын шығып жүзеге асты. Ақмола облысындағы қуғын-сүргін құрбандарына арнап салынған «АЛЖИР»кешені де осы сәулетшінің жобасымен жасалды.

 

Ақмырза Рүстембеков

Астана қаласының тұмарына айналған «Астана-Бәйтерек» кешенінің авторы, жоба жетекшісі. Осы сызбасы үшін автор көптеген халықаралық байқаулардың жеңімпазы атанды. Ол Алматы қаласындағы «Silk Way» сауда орталығының, Алматы мен Бішкек қаласындағы көптеген тұрғын үй кешендерінің авторы ретінде көпшілікке танымал.

 

Болат Құспанғалиев

Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетінің мәліметі бойынша, Құспанғалиев сәулет өнері бойынша Қазақстанда алғаш докторлық диссертация қорғаған азамат. Осы білікті маманның жетекшілігімен 20-дан астам жоба жүзеге асты. «Хайвилл Астана» тұрғын үй кешені, «Белый Лайнер» әкімшілік ғимараты және Алматы қаласындағы «Алмалы Қала» тұрғын үй кешені секілді сәулетті ғимараттар бой көтерді.

 

Тоқтар Ералиев

Астана қаласының алғашқы бас сәулетшісі. «Нұрлы Тау» көпсалалы орталықтың, стратегиялық зерттеу институты ғимаратының авторы. Одан өзге, Алматыдағы ақпараттық технология паркі, «Рахат Тауэрс»бизнес орталығы, Ауған соғысында қаза болған сарбаздарға қойылған ескерткіштің сызбасын жасады.

 

www.vlast.kz

 

 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

АҚПАРАТ ҚЫЗЫҚТЫ МА? ДОСЫңМЕН БӨЛІС:

Талқылау
4456





Пікір қалдырыңыз