+7(7172)701 011
bm@khabar.kz

«Қазақфильм: ғасырдан ғасырға»

«Қазақфильм: ғасырдан ғасырға»

Аты аңызға айналған «Қазақфильм» киностудиясын түсіндірудің еш қажеті бола қоймас. Өйткені, көпшілігіміз бала кезден студияның әр заманның тынысынан сыр шертетін фильмдерінің толқынында, қатпарлы тарих пен өмір иірімдеріне қанып өстік. Біз білетін аңызға айналған фильмдер қалай туындады? Кадр сыртында қандай дүниелер қалды? Түсіру алаңында кімдер жұмыс жасады? Қандай цехтар іске қосылды? Қазақстан кинематографиясының бүгінгі өмірі мен болашаққа жоспары қандай? Бұл сұрақтарға «Қазақфильм: ғасырдан ғасырға» бағдарламасы жауап іздейді.

Әр бағдарламаның құрылымы – тақырыбы мен кейіпкерлеріне арналатын толыққанды, сериялы хикая. Жүргізуші - зерттеуші рөлінде ескі мұрағаттарды қопарып, материалдармен, кино әлемімен танысады. Әр шығарылым көрермендеріне идеяның туындауынан бастап, экранға шығуына дейінгі аралықтағы қойылым сәттерімен таныстырмақ.

Продюсері: Дмитрий Бирюков

Режиссері: Дмитрий Бирюков

Жүргізуші: Ләзиза Керімқұлқызы

Хронометраж: 25 минут

Жиілігі: айына екі рет

Жанр: танымдық бағдарлама

Тілі: қазақ

Байланыс телефоны: +7 7272 540 293, +7 701 971 98 60

  •  |<< 
  •  << 
  •  1 
  •  2 
  •  >> 
  •  >>| 
1-2