+7(7172)701 011
bm@khabar.kz

«Егіз жүрек»

«Егіз жүрек»

Белгілі тұлғалардың жеке өмірі қашанда көпшілік қауымға қызықты. Бұл оқиғалардың көбі ел аузында аңыз түрінде тараған, кітаптарға арқау болған, ақындардың шабытын тасытып, өлең-сөзбен баяндалған. Бір шаңырақ астында бас қосқан екі тұлғаның өзара қарым-қатынасы, олардың өмірлік ұстанымдары, тағдыр жолы – өскелең ұрпақты рухани, адами тұрғыда тәрбиелеп жеткізуде, әйелдер мен ерлердің тіл табысып, сыйластықта ғұмыр кешуіне, отбасы құндылықтарын дәріптеуде, сондай-ақ, қоғамда өзін өзі ұстаудың моральдік-этикалық қағидатының қалыптасуына орасан зор ықпалын тигізеді. Жоба авторларының түпкі мақсаты – осы фильмдер арқылы отанын сүйетін жастардың қатарын көбейтіп, оларды ұлтжанды тұлға ретінде қалыптастыру.
Ұлт тағдырында елеулі орын алған санаткерлердің өмірін білу – біздің ұлы парызымыз. Соқтықпалы, соқпалы өмір жолын жүріп өткен нар тұлғалардың ерлігін паш етіп, олардың ішкі жан дүниесін, жүрек түбінде жатқан сырын ашу арқылы біз халық шежіресінің бір тармағын тарқатып, тарихымыздың бір парасын зерделейміз.
Тақырып: Әрбір фильм Қазақстанның мәдениеті мен ғылымында, жалпы, қоғамға ерен еңбегімен аты шығып, абыройлы болған екі тұлғаның махаббатын жырлайды. Сценарий негізінде өмір өткелдерінен жұбы жазылмай өткен қос ғашықтың адалдығы, сезімінің пәктігі жатыр. Махаббат оқиғасы арқылы сол дәуірдің бетпердесі ашылады. Ағы мен қарасы, ащысы мен тұщысы кезектесіп келетін бұл жалған бір жұпқа қуанышты сәттерге толы бақытты ғұмыр, енді біріне қайғы мен өкінішке толы сын сәттер сыйлайды. Өткен күндерден сыр шертетін мұрағаттан алынған мағлұмат, фотосуреттер, дос-жаранның, ағайын-туманың естеліктері көрерменді өткен дәуірге ойша жетелейді.
  •  |<< 
  •  << 
  •  1 
  •  2 
  •  >> 
  •  >>| 
1-2