Телеканал Білім және Мәдениет

+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



Арна туралы

2014 жылдың қаңтар айында ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасымен «Білім» және «Мәдениет» арналары біріктіріліп, отандық телевизия өндірісінде «Білім және Мәдениет» атты мәдени-ағартушылық бағыттағы жаңа телеарна дүниеге келді.
Телеарна отандық және әлемдік мәдениет, өнер, ғылым және білім саласындағы айтулы оқиғалар жайлы бейнематериалдардың бірегей қорын үнемі толықтырып, көрермендеріне ұсынып келеді. Бүгінде «Білім және Мәдениет» телеарнасы білім көкжиегін кеңейтуге негізделген бағдарламалар топтамасын ұсынып, ғалымдар мен зерттеушілерге арналған коммуникативті алаңға айналды. Сонымен қатар, телеарна өз көрермендеріне өнер және мәдениеттің асыл қазыналарын халыққа таратушы ақпараттық құрал ретінде бірқатар эксклюзивті жобаларын көрсетіп келеді.
Арнаның мәдени-ағартушылық, ғылыми-танымдық бағдарламалары Қазақстанның тарихи және мәдени мұрасын сақтау, тілдік ортаны дамыту, рухани құндылықтарды дәріптеу, білім мен дүниетаным көкжиегін кеңейту міндеттерін негізге ала отырып, ұлттық құндылықтарды насихаттауды басты назарда ұстайды.

Арна отандық және шетелдік үздік телехабарлар мен деректі фильмдерді, концерттер мен опера жауһарларын көрсетіп, BBC, Discovery, Мосфильм, Қазақфильм,еуропалық Deutsche Welle мен EuroARTs сынды ірі телевизиялық компаниялардың өнімдерін өз көрермендеріне ұсынуда.
«Білім және Мәдениет» арнасын ұлттық спутниктік және «Отау ТВ» сандық телехабар тарату жүйесі арқылы тамашалауға болады.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

6826