Телеканал Білім және Мәдениет

+7(7172)701 011
bm@khabar.kz

Нуриддин Русланұлы Бидосов

«Мұражай құпиялары» бағдарламасының жүргізушісі

1979 жылы 19 маусым күні ОҚО, Шымкент қаласында туған. Білімі жоғары.
Нуриддин 1999-2001 жж. ОҚО телерадиокомпаниясы мен Шымкент қаласының телеарнасында, 2003-2006 жылдары «Хабар» агенттігі мен 2006-2012 жылдар аралығында «Қазақстан» Ұлттық телеарнасында жаңалықтар жүргізушісі, тілші болып еңбек етті.
2012 жылдан бастап «Жетінші арнада» да жаңалықтар тізгінін ұстап, келесі жылы экспедиция мүшелерімен бірге еліміздің киелі жерлерін аралап «Аян. Дала аңыздары» тележобасын жүргізді. 2014 жылы Нуриддин Бидосов әріптесі Ақсәуле Әлжанмен бірге «Кешкі шай» бағдарламасын халық назарына ұсынса, сол жылы «Кім білген?» әлеуметтік драмасының екі маусымы көрермендердің көңілінен шығып үлгерді. Ал 2015 жылы Нуриддин «Шай ішейік» кешкі әзіл-оспақ шоуын жүргізді.
Ерекше мінезі және тапқырлығымен көзге түскен Нуриддин Бидосов қазақ тілді көрермендер арасында өз орнын таба білді. Жұмыстан бос уақытын жанұясымен табиғат аясында өткізуді ұнатады. Хоббиі: автокөліктер мен футбол ойнау.

Ғани Әбдуалиұлы Құлжанов

«Ұлы дала елі» жобасында тележүргізуші, театр және кино актері, ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері

1987 жылы Алматы Мемлекеттік «Театр және Кино» институтына КСРО халық әртісі, КСРО мемлекеттік сыйлығының иегері, профессор Шолпан Исабекқызы Жандарбекова және ҚР халық әртісі, профессор Тілектес Мейрамовтың классына қабылданды.
1990 жылы М.Әуезов атындағы Қазақ академиялық драма театрында ең алғаш М.Мақатаевтың «Қош, махаббат!» қойылымындағы Айбар ролін сомдаған. 1998 жылы Р.Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне» спектакліндегі Құмар ролі үшін Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты атанды. Бүгінде актердің театр қоржынында 50-ден астам рольдер бар.
«Қазақфильм», «Қырғызфильм», «Өзбекфильм» киностудияларында киноға түсіп, көптеген бейне сомдады. «Тоғысқан тағдырлар», «Қара шегіртке» фильмдеріндегі Жохангир, Диас рөльдері көпшілік қауымның көңілінен шықты.
2007 жылы Астана қаласында жаңадан құрылған Жастар театрының директорлығына тағайындалып, өте іскер, ширақ, талапшыл басшы ретінде танылды.